Негізгі Жаңалықтар Сайлау және цифрландыру

Сайлау және цифрландыру

ТМД бақылаушылары миссиясы Құрылтай депутаттары сайлауына кең көлемде ақпараттық қолдау көрсетілгенін атап өтті. Миссияның аралық есебінде азаматтарды алдағы дауыс беру туралы ақпараттандыру үшін қолданылып отырған құралдардың кешенді жиынтығы көрсетілген




ТМД Миссиясының аралық есебінде атап өтілгендей, ағымдағы науқанның ерекшелігі – дәстүрлі ақпараттандыру арналарымен қатар цифрлық технологияларды белсенді пайдалану.

Орталық сайлау комиссиясының сайтында алғаш рет Sailau AI ЖИ-көмекшісі енгізілді. Қызмет сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мәселелер бойынша ақпаратты іздеу және ұсынуға арналған. GOV.KZ платформасында тағы бір цифрлық құрал іске қосылды: азаматтар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын онлайн-режимде біле алады. Push-хабарландырулар мобильді банк қосымшалары және eGov Mobile арқылы жіберіліп отыр.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар