Шекара қызметінің құрылғанына — 34 жыл
Отанымыздың тыныштығын тәулік бойы күзететін шекарашылар өз кәсіби мерекесін атап өтті. Достық үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілер марапаттарға ие болды.
1992 жылдың 18 тамызында құрылған Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі бүгінде ел шебін қалтқысыз күзетіп келеді. Олардың басты міндеті — ел аумағына төнуі мүмкін кез келген қауіптің алдын алу. Қазір әскери қызметшілер Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараның тұтастығын қамтамасыз етіп тұр.
Мерекелік іс-шараға департамент басшылығы, жеке құрамы, шекара қызметінің ардагерлері мен әскери қызметшілердің отбасылары қатысты. Жиын барысында қызметін адал атқарып, жоғары кәсібилігімен көзге түскендер марапатталды. Олардың қатарында алты жарым жыл еңбек өтілі бар, әулетіндегі тұңғыш офицер Жандос Тұрлыбеков те бар. Ол мереке аясында «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ресми бөлімнен кейін іс-шара концертке ұласты. Сахнаға кәсіби әншілер мен бишілермен қатар шекара қызметінің өкілдері де шығып, өнерлерін ортаға салды.
Жұлдыз Қабылденова