Ұстаздар тамыз кеңесінде бас қосты
Павлодар облысының ауыл мектептері оқу, математика сауаттылығы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. Жалпы тамыз конференциясында өткен оқу жылының жетістіктері баяндалып, жаңа оқу жылына қойылған мақсат міндеттер айқындалды. Толығырақ Самал Қалиқызы баяндасын.
«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі». Павлодар облысында педагогтердің тамыз кеңесі осындай тақырыппен өтті. Бұл тақырыптың таңдалуы бекер емес, себебі тамыз кеңесінің өтуі ел үшін маңызды тарихи кезең құрылтай сайлауымен тұспа тұс келіп отыр.
Өңірдің ұстаздары, педагогикалық қауымдастығы қатысқан кеңесте біраз жаңалықтар айтылды. Биыл бастауыштағы білім берудің мазмұны қайта қаралды. 2,4-сынып оқушылары үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынып тасталды. Енді оның орнына оқушылар диктант пен шығарма, мазмұндама жазып, бақылау жұмыстарын тапсырады. Ал, Павлодар облысында соңғы 3 жылда елдімекендерде 8 жаңа мектеп салынып, осы айда 2 білім ошағы есігін айқара ашады. Биыл 6,7 млрд теңгеге 26 нысанда күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, келесі жылы Кенжекөлде 200 орындық, Аққулы ауданының Төсағаш ауылында 70 орындық мектеп, Ақсу қаласының Үштерек ауылында, Баянауыл және Атамекен ауылдарында жалпы 620 орындық үш балабақша салынады. 15 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі.
Министр өңірдің білім беру саласындағы жаңа жобалармен де танысты. Солардың бірі екібастұздық айти мамандар құрастырып шығарған «мектеп иай» платформасы. Ол 2025 жылда бері қолданысқа енгізілді. Қазақстан бойынша оны 42 мыңнан астам педагог қолданады. Платформаға 4 тіл кіріктірілген, қазіргі таңда Қырғыстан Республикасының педагогтері де осы жобаны пайдаланады.
Сонымен, конференция барысында «Ай сана» ұлттық бағдарламасының мүмкіндіктері сөз етіліп, ауыл мектептерінің рөлі мен жетістіктері де қозғалды. Тамыз кеңесі – ел ертеңі болашақ ұрпақтың сапалы әрі жан жақты заманауи білім алуының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жиында өткен оқу жылындағы жетістіктер айтылып, жаңа оқу жылына бағыт бағдар айқындалды.
Самал Қалиқызы