Негізгі Жаңалықтар Павлодар жүргізушілері бағдаршам сигналдарын алдын ала көре алады

Павлодар жүргізушілері бағдаршам сигналдарын алдын ала көре алады

Павлодарда жол қозғалысын ұйымдастыру жүйесі цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Енді жүргізушілер маршрутты жоспарлау кезінде жолдағы бағдаршамдардың жұмысын да ескере алады. Бұл көлік қозғалысын ыңғайлы етуге көмектеседі.


Бағдаршамның ауысу уақытын алдын ала білу - жүргізушіге жылдамдықты дұрыс таңдауға және қиылысқа жақындағанда қажетті әрекетті ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Жүйе навигациямен бірге жұмыс істейтіндіктен, ақпарат жол бойында автоматты түрде жаңарып отырады. 

Ердос Жүсіпов, Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы 

Сервис 180нен астам бағдаршамды, яғни қаланың бағдаршам желісінің шамамен 95 пайызын қамтиды. Бұны қолдану үшін қосымша тіркелу қажет емес. Тек яндекс карта қосымшасын ашып, керекті нүктені автокөлік бағытын құрып, осы кезде бағдаршам бойынша деректер ескерілетін болады. Алдағы уақытта жасыл толқындар және кептелістерді болжамдау функциялары дамыту жоспарлануда. 

Цифрлық навигацияның тағы бір артықшылығы – жүргізушіге жол бойындағы өзгерістер туралы ақпаратты дыбыстық түрде жеткізуі. Алынған деректер көлік қозғалысын талдауға және болашақта қаланың жол инфрақұрылымын жетілдіруге пайдаланылмақ.


Сабина Жолдаспаева 




Бөлісу

Аймақтық телеарналар