Негізгі Жаңалықтар Облыс экономикасы оң динамикада

Облыс экономикасы оң динамикада

Облыс әкімдігінде 2026 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды. Өңір экономикасының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда.


7 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,8%-ды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,9%-ға жоғары. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша Павлодар облысы ел бойынша 4 орынға тұрақтады. Экономикалық нәтижеге негізгі үлесті өнеркәсіп саласы қосуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,6%-ға өсіп, 145,1 млрд теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 234,9 млрд теңгеге жетті. Ішкі сауда саласында да айтарлықтай өсім тіркелді. Тауарлардың бағасы да оңтайлы жағдайда деп саналуда. 

Жиында өңір бюджетінің кірісі мен шығыс да саналды. Баяндамашының мәліметінше, жоспар 99,9%-ға орындалған. 354,5 млрд теңге көлемінде жоспарланған облыстық бюджеттің шығыстарлың 354,3 млрд теңгесі игерілді. Қала және аудан бюджеттері 100%-ға орындалыпты.

Бұл ретте бірқатар кірістер орындалмай жатқанымен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 51,2 млрд теңгеге немесе 21,9%-ға көп екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар жиында Павлодар облысының спортшыларын Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындау мәселесі ле қаралды. Қазіргі таңда өңірден спорттың 5 түрі бойынша 6 спортшы іріктелді. Бұдан бөлек, спорттың 8 түрінен тағы 14 спортшы қатысуға үміткер ретінде қарастырылуда. Қазір олар оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, іріктеу жарыстарына қатысуда. Облыс әкімі спортшылардың құрлықтағы басты додаға сапалы дайындалуы үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етуді тапсырды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар