Шомылу маусымы кезінде 7 адам суға батып кеткен
Жазғы шомылу маусымы аяқталуға жақын. Алайда судағы қауіпсіздік мәселесі әлі де өзекті. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың рұқсат етілмеген жерлерде шомылуы мен қауіпсіздік талаптарын сақтамауы қайғылы жағдайларға себеп болып отыр.
Биыл облыста 45 жағажай белгіленген. Оның 29-ы коммуналдық, 16-сы жеке меншік. Түрлі себеппен 10 жағажай жұмыс істемеді. Шомылу маусымы басталғалы 7 адам суға батып, көз жұмды. Олардың екеуі – бала. Ал құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 8 баланы ажалдан арашалап қалды.
Тлекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы
1800ден астам облыс бойынша рейтік шаралар жүргізілді. Рейд барысында әкімшілік жауапкершілікке 300ден астам жеке тұлға тартылды. ҚР 412 бабына сәйкес шомылу кезіндегі қағидаларды сақтамау осы бапқа сәйкес 7 АЕК көзделіп отыр.
Биыл шағын кемелердің қауіпсіздігін бақылау құзыреті Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Осыған байланысты су айдындарында рейдтер күшейтілді. Тексеру кезінде мас күйінде кеме басқарған 5 адам анықталды.
Тлекжан Галямов, Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы
Біріншісі бойынша Павлодар қаласының 2 сотының қаулысы бар. 358 бабқа сәйкес мас күйінде кемені басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы бапқа сәйкес 200 АЕК айыппұл көзделген немесе 200 сағат қоғамдық жұмыстарды орындау немесе 50 тәулікке дейін қамауға алыну көзделеді. Одан басқа кемені басқарған кезде құжаттары жоқ, құтқару жилеттері жоқ адамдар анықталды. Қазіргі таңда 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 128 орын бар. Бұл жерлерге арнайы 244 ескерту белгілері орнатылған. Дегенмен кейбір тұрғындар оларды алып тастап, рұқсат етілмеген жерлерде суға түседі. Суға тек арнайы жабдықталған жағажайларда түсіп, балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Шомылу маусымы 31 тамызға дейін жалғасады. Сондықтан жаздың соңғы күндерінде де қауіпсіздік талаптарын ұмытпаған жөн.
Сабина Жолдаспаева