Павлодар облысында тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталып кетті. Қазір емханаларда қарттарды вакциналау жүргізіліп жатыр. Жалпы өңірде былтыр 13 адам тұмауға шалдыққан, биыл жағдай қалай? 
 
Павлодар облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар маусымы тұрақты. Өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалмайды. Биылғы эпидмаусымда 929 адам аталмыш инфекцияға шалдықты.  Бірақ тұмау жағдайы әлі тіркелмеді. 
Гүлнәр Құлмағамбетова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Өткен жылы 1 қазан мен 1 сәуір алағында тұмаудың 13 жағдайы анықталған еді. Олардың бәрі расталды. Эпидмаусым жаңа басталды, желтоқсан айында өсім болуы әдбен мүмкін. 
Сондықтан өңірде тұмауға қарсы вакциналау басталды. СК-Фармация бірыңғай дистрибьюторы вакцинаны емханаларға жеткізген. Облыс тұрғындарының 12 пайызы аталмыш екпені алады деп жоспарлануда. 88 млн теңгеге 90 мың доза вакцина сатып алынды. 
Айгүл Мұқышева, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Жыл сайын ресейлік Гриппол + екпесі салынады. Бұл вакцинадан кейін ешқандай ауырсынулар болмайды. Жылда осы екпені алғандықтан оған негіз бар. Тұрғындар өздері келіп, екпе алуға ниет білдіріп жатыр. 
Тұмаудың штамдары жыл бойы зерттеледі. Биыл да облыста А мен Б тұмауының штамдары болады деп күтілуде.  Бұлар патогенсіз болғандықтан, аса қауіпті емес. 
Айгүл Мұқышева, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Алдымен медициналық қызметкерлер екпе салдырады. Егде жастағы қарттар егіледі. Екінші кезекте мектеп жасындағы, мектепке дейінгі жиі ауыратын балалар, Үшінші санатта 2-3 триместрдегі жүкті келіншектер алады. 2-3 аптадан кейін иммунитет пайда болады. Сол уақыттан кейін немесе 1 айдан кейін басқа да екпелерді, мысалы ковидке қарсы вакцинаны алуға болады. 
Айта кетейік, өңірде ақылы екпе кабинеттері болғанымен, онда тұмауға қарсы вакцина ақылы түрде салынбайды. Бюджет есебінен өңірге жеткізілген 90 мың доза тұрғындарға жетеуі керек дейді мамандар. 
 
Самал Қалиқызы