Майқайың тұрғындары резервуар арқылы ауызсумен қамтылуда. Бүгінде апатты жою жұмыстары жалғасуда. Оған бірнеше қала құраушы кәсіпорындар да ат салысуда.
21-22 ақпан күндері Майқайың ауылына 460 текше метр су жеткізіліп, орташа есеппен тәулігіне 250 м3 су пайдаланылған. Тұрғындарға су үзіліссіз берілуде. 22 ақпан күні түнде 180 м3 су жеткізілді, 23 ақпан күні тағы 180-200 м3 су жеткізу жоспарлануда. Екібастұз қалалық «Горводоканал» мекемесі ауылдықтар сусыз қалмайтындығын айтты.
ЕГОР КРАСНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ «ГОРВОДОКАНАЛ» МҚК БАС ИНЖЕНЕРІ
Апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мақсатқа төтенше жағдай департаментінің мамандарымен қатар, қала құраушы бірнеше кәсіпоры да жұмылдырылды. Барлығы 90 адамнан тұратын 40 арнайы мамандандырылған техника жұмылдырылды. Төменгі темперетураға қарамастан жұмыс жоспар боынша жүріп жатыр. Тұрғындар сусыз қалған жоқ. Барлық нысандар штаттық режимде жұмыс жасауда
Жанасыл Серікбол