Қарияларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы талқыланды
Павлодар қаласындағы №3 емхана егде жастағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасы бойынша ең төмен баға алды. Өзгелері де жоғары бағаға ие бола алмай отыр. Мәселе облыстық ардагерлер кеңесінің сараптамалық отырысында талқыланды.
Жиын алдында қала зейнеткерлері арасында сауалнама жүргізіліп, олар ауруханалар мен емханалардың жұмысын 13 өлшем бойынша бағалады. Сауалнаманың мақсаты – аға буын өкілдерінің медициналық көмектің қолжетімділігіне, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасына, сондай-ақ пациенттерді қабылдау жұмысының ұйымдастырылуына қаншалықты көңілі толатынын анықтау.
Сауалнамада учаскелік дәрігерлердің жұмысы да бағаланды. Орташа көрсеткіш бес балдың төртіне де жетпеді. Ең жоғары бағаны «Алмаз Медикал Групп» медициналық ұйымы алса, ең төмен нәтиже №3 емханаға тиесілі болды. Дегенмен, сарапшының айтуынша, бұл рейтинг медициналық мекемелер жұмысының сапасы төмен дегенді білдірмейді. Ол, ең алдымен, пациенттердің пікірін көрсетеді.
Облыстың бас дәрігерінің сөзінше, қазіргі уақытта медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр.
Ермек Кучуков, Павлодар облыстық облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Биыл сала жұмсына талдау жүргізіп, 10 жылға арналған даму жоспарын жасадық. Онда облыс тұрғындарына қатысты барлық жағдайлар, демографиялық болжамдары, әлеуметтік құрамы түгел ескерліген. Бізде 60 жастан асқан адамдар үлесі артып келеді. Қазірдің өзінде 30 пайыз. Сондықтан, стратегиялық жоспарымызда қарттарға қызмет көрсету сапасын биік деңгейге жеткізуді жопарлап отырмыз.
Кездесу барысында егде жастағы азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жекелеген дәрігерлердің пациенттерді сапалы тексеруге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеуі сияқты мәселерге назар аударылды. Медициналық мекемелерге электронды түрде қабылдауға жазылу кезінде туындайтын түсінбеушіліктер де назардан тыс қалмады.