Мәслихаттар сайлауы күні Павлодарда қоғамдық көлік тегін қатынайды
29 қараша күні мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру республика бойынша 10 338 учаскеде ұйымдастырылады. Саяси науқанға орай Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте тегін қатынай алады.
Яғни, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты автобустар мен трамвайларда жолақы алынбайды. Қала әкімдігінің мәліметінше, тегін жол жүру қызметі 2026 жылғы 29 қарашада қалалық қоғамдық көліктің барлық бағытында қолданылады. Айта кетелік, Екібастұз бен Ақсу қалаларында да қоғамдық көліктерде қатынау тегін болады.