Павлодар облысында гимнастика мен акробатикаға деген сұраныс жоғары
Павлодар облысында гимнастиканың барлық түрлеріне деген сұраныс жоғары. Ең мықтыларды іріктеуден өтеді. Осы күні балалар №1 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектебі қарамағында шеберліктерін шыңдауда. Оқу ордасында 1000 жуық жаттығуда.
Павлодарда №1 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 70 жылдық тарихы бар мекеме. Сол уақыт аралығында өзінің дәстүрі қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы арқасында, жаңа буын жетістіктерімен қуантуда. Қазіргі таңда гимнастиканың үш түрі және жеңіл атлетикамен айналысатын балалар осы мектепте шоғырланған.
Ал спорттық акробаттар басымдық берілмейтін спорт түрлері қатарына кіргендіктен, осы күні олар бұқаралық спортты дамыту клубы қарамағында еңбектеніде. Бірақ жаттығуларын №1 мектептің базасында жүргізуде. Павлодар облысының балалары бұл бағыт бойынша әлемнің үздіктері қатарында.
Спорттық акробаттарға республикалық жарыстарға қатысуға барлық қаражат бюджет есебінен бөлінеді, ал шетелдік сайыстарға бару үшін жеке меншік меценаттар тарапынан қолдау көрсетіледі. Мысалы, жақында біздің жас дарындарымыз Италиядағы әлем чемпионатында топ жарды. Қола жүлдегерлер қатарында Ярослава Бутолина және Полина Мельник.
Полина Мельник және Ярослава Бутолина
Дайындық залы үлкен, жарыс өте ауықымды. Бұндай сайысқа бірінші рет қатыстық. Қобалжу болды. Бірақ, жинақы өнер көрсетіп, бапкердің тапсырмасын орындап шықтық.
Гимнастика мен жеңіл атлетика сынды классикалық спорт түрлері үшін алда маңызды олимпиадалық кезең күтіп түр. Сондықтан Павлодар облысындағы №1 мамандандырылған спорт мектебінде күнделікті қызу дайындық. Кішілер үлкендерге қарап бой түзесе, ересектері ел намысын байрақты жарыстарда қорғау үшін барын салып еңбектенуде.
Дархан Бекишев