Тіл дамуы – ортақ міндет
Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оның қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейту ел дамуының маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте оны заман талабына сай дамыту да өзекті. Осы мәселелер Павлодарда өткен «Тіл – ұлттың тірегі» атты облыстық форумда талқыланды. Жиынға тіл саясатына жауапты мамандар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Форум барысында мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстар, атқарылған бастамалар мен алдағы міндеттер сөз болды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тіл саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қайрат Алтаев, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары
Осы салада қандай дағдылар бар? Қандай дағдылар мен әдіс-тәсілдерді біз қолданып жүрміз? Яғни, қоғамда осы жұмыс дұрыс атқарып жүр ме?- деген ойлар, сұрақтар еш күмәнсіз бүгінгі күні тілдің қолдану аясының кеңеюін, көбеюін оған дәлел. Бүгінгі күні біздің облыста осы мемлекеттік тілді дамыту, үйрену жолындағы тегін курстар да бар. Бұл курстар осы жылдың соңына дейін 2500 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 2100 адамды мемлекеттік тілді оқуға қатысып жүр. Бұл үлкен жетістік деп айтуға болады.
Баяндамашылар қазақ тілінің қоғамдағы орнын нығайту, оның күнделікті қолданысын кеңейту және жас ұрпақтың тілге деген қызығушылығын арттыру мәселелеріне тоқталды. Жиынға әр салада еңбек етіп жүрген мамандар мен тіл жанашырлары қатысып, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Ырыскүл Шақаман, филология ғылымдарының докторы, профессор
Әр адам белгілі бір тілдік тұлға иесі болып табылады. Тілдік тұлға әдеби сөздерді дұрыс қолданатын, әлеуметтік, психологиялық, мәдени, әдепті, шешендікті бойына жинақтаған адам. Сонымен қатар тілдік тұлға деп тілді жетік меңгерген, ойын жеткізе алатын, тілді әдеби шығармашылық деңгейде тұтынатын, қызмет етуде жұмыс барысында өзіндік танымын әдеби тілмен жеткізе алатын адамдар да тілдік тұлға ұлттық тілді ғана емес, ұлттық мәдениеті де тұтынушы, жеткізуші деген сөз. Кез келген білім мазмұны тіл арқылы беріледі.
Басқосуда өңірде тіл саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүрген азаматтардың еңбегі де атап өтілді. Олардың қоғамдағы тіл мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік тілдің дамуына қосып жүрген үлесі ерекше.
Жанар Жамбусинова, Железин ауданы еңбекші негізгі білім беру мектебінің қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тіл және мәдениет басқармасының ұйымдастырумен бүгін өте әсерлі форум өтіп жатыр. Бұл форум ұстаздардарға керемет шабыт берді. Ризамыз. Биыл Алматы кітапа баспасымен бірге біз 3 ұстаз және Айман Файзуллина қазақ тілі 9 сынып оқушыларына арналған оқулық жаздық. Енді Қытайға баспаға кетті. Қаңтар айыфнан ҚР көлемінде оқушылар осы қазақ тілі оқулығымен жұмыс істейтін болды.
Облыстық форум жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді. Қатысушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тек белгілі бір мекеменің емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Сабина Жолдаспаева