Инфекциялық бөлімге жүгінетін бала саны артты
Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөліміне тәулігіне 100-ден астам бала жүгінуде. Қазір 200-ден астам бала стационарда ем алып жатыр. Күзгі маусымда вирустардан қалай қорғануға болады? дәрігерлерден біліп қайттық.
Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесі 225 орынға шақталған. Қазір оның 206-сы бос емес. Инфекционист дәрігердің сөзінше, бөлімге тәулігіне 130-дан астам бала жүгінеді екен. Көбінесе тұмау, жіті респираторлық вирус және ларингатрахитпен келеді.
Павлодар облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті, өңірде эпидмаусым басталғалы ЖРВИ-дің 41 мың жағдайы анықталғанын хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға төмендеген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 26 мың жағдай тірскелсе, бір жасқа дейін 2000 бала осы вируспен ауырған. Одан бөлек облыста А вирусы яғни (H1N1) тұмауының 7 жағдайы анықталды. Оның 4 еуі балалар. Осы ретте, дәрігер мамандар осы мезгілде қолды жиі жуып, суды көп мөлшерде ішіп, адамдар көп баратын жерлерден аулақ болуға және вирусқа қарсы дәрілерді ішуге шақырды.
Самал Қалиқызы