Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасына жасалынған жөндеу жұмысы сапасыз болыпты шықты. Салдарынан қоймадағы су елді-мекендерге қауіп төндіруі мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан су арнасының басшылығы тез арада бөгеттерді қалпына келтіру керектігін айтады.

Көктемде қоймадағы су арнасынан асып кетуі мүмкін. Бұған дейін жөндеу жасаған мердігер бұл жұмыстарды дұрыс атқара алмаған. Мекеме мердігерді сотқа беріп, жеңіп шығыпты. Алайда, іс бұнымен біткен жоқ. Ең басты мәселе су арнасын қалыпқа келтіру керек.

ВЛАДИМИР ЕГЕРОВ, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СУ АРНАСЫ ПАВЛОДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бізді алаңдатып отырғаны жазғы уақытта толқынның қатты болуы. Себебі, толқын бөгетке соғылған сайын бөгет мүжіле береді. Кез келген уақытта жарып шығуы мүмкін. Сол үшін алаңдаймыз. Үнемі қадағалап отырамыз. Бірақ, бөгетке толық жөндеу жасалынуы керек.

Аталған мәселені бақылау комиссиясы назарға алған. Олар су арнасына барып, қазіргі жағдаймен танысты. Түйткілді шешу үшін сараптама жұмысын жасап, қайтадан мердігерді таңдау керек.

ОЛЕГ КОСТЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Республикалық бюджеттен бұл су арнасының жөндеу жұмысына қомақты қаржы бөлінді. Біз осы қаржының дұрыс игерілуін қадағалайтын боламыз. Өйткені, бұған дейін 2018 жылы жасалынған жөндеу сапасыз болып қалды. Біз бұндайды болдырмау үшін күш саламыз. Бастысы өз жұмысын дұрыс атқара алатын мердігерді таңдауымыз керек.

Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасы еліміздің бірқатар өңірін тіршілік нәрімен қамтып отыр. Қарағанды, Астана, Екібастұз қалалары осы су арнасының суын тұтынады.

Өзгеріс Қуанар