Еліміздің тұңғыш геологы, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев барлау жұмыстарымен шетел асып жүрсе де туған жерінің топырағын бір сәтке де ұмытпағаны анық. Көнекөз қарияларымыздың айтуынша, ол туып-өскен жері Теңдік ауылына 1949 және 1959 жылдары келген екен. Толығырақ әріптесім Қымбат Садық тарқатады.

12 жасында білім қуып Айрықтан кеткен, бала Қаныш уақыт өте келе дана Қаныш атанды. Жерлестерінің айтуынша, ол өзінің туған жері Теңдікке (қазіргі Мұса Шорман ауылына) 1949 және 1959 жылдары келіп, ауылдастарымен жүздескен. Оны көргені туралы толығырақ ауыл азаматы, тарихшы Нескен Мәлікқызы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, Нескен Мәлікқызы жолдасының шаңырағына келін болып түскенде, сол үйде Қаныш Сәтбаевтың жамылған көрпесі мен жатқан диваны болғандығын айтады. Бұл 1949 жылы ауылына келгенде қонып, түнеп шыққан үй екен,

Өмірге бір рет келіп мәңгілікке есте қалған, артына өлмейтұғын мұра қалдырған алып тұлға қазақтың ғана емес әлемнің бағына туған жан.

Қымбат Садық