Бүгін Халықаралық отбасы күні. Мерекеге орай біздің түсірілім тобы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің жанұясымен танысып қайтты. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Ұлт болашағының ең басты тұғыры - отбасы. Бұл Омаровтар шаңырағы. Отағасы төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарса, жұбайы балабақшада тәрбиешісі болып еңбек етеді. Отағасы, жанұя – бақыттың тірегі деп айтады. Бұл мерекені жыл сайын ерекше қарсы алатынын жеткізді.
БЕРІК ОМАРОВ, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Енді көбінесе демалыс күндері. Жай күндері шыға алмаймыз. Демалыс күндерде шығып ауылға барып келеміз. Орман қарағайда қаланың ішіндегі. Енді көп жерлер бар баратын жерлерге барып аралап келеміз.
6 бала тәрбиелеп отырған отбасы әр балаға ерекше көңіл бөлуге тырысады. Үйдің тұңғышы әке жолын қуып шет елде әскери білім алуда. Болашақта ол да төтенше жағдайлар қызметінде жұмыс істемек ниетте. Көп балалы ана жұбайының жанқиярлық қызметте жүрсе де назарын аулауға тырысатының айтты.
Айта кетейік, халықаралық отбасы күні жанұя мәртебесін көтеруге, бір-біріне деген сыйластықты нығайтуға бағытталған. Басты құндылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА