Павлодар мұнай-химия зауытының автопаркі жоғары стандарттарға сәйкес келетін жаңа автобустармен және арнайы техникалармен толықты. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Автобус паркін үнемі жаңартып отырудың маңызы зор. Бұл орайда, Павлодар мұнай-химия зауытының аумағында автокөлік техникасының көптеген бірліктері бар. Кәсіпорын көліктің барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға да назар аударады. Сенімді ынтымақтастық арқасында «Тотал сервис» ЖШС-і негізгі тапсырыс берушісі Павлодар мұнай-химия зауытына арнайы 11 заманауи жайлы автобус пен техника ұсынды.
ҚУАНЫШ БИШИМОВ, «ПАВЛОДАР МҰНАЙ–ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Бұл енді заманауиға сәйкес талаптарға сәйкес, комфорт жағынан, қауіпсіздік жағынан, эстетика жағынан жаңа осындай көлік келіп отыр. Осыған мен өте қуаныштымын. Өз атымнан барша ұжымның атынан осы Тотал Сервис компанияға алғысымыды айтқым келеді.
Соңғы үш жылда «Тотал сервис» компаниясы 85 бірлік жаңа техника сатып алған. Өз клиенттеріне жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікке сенімді кепілдік береді.
МАРАТ ТІЛЕПБЕРГЕНОВ, «ТОТАЛ СЕРВИС» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біз жүк пен жолаушыларды тасымалдау бойынша сапалы және қауіпсіз қызмет көрсету үшін автобустар мен басқа да жүк техникасын сатып алдық.
Айта кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытындағы жаңа автобустар ұрлыққа қарсы құрылғылармен, жүргізушілер мен жолаушыларға арналған заманауи қауіпсіздікпен жабдықталған.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА