Аймақтың басты арнасында «Тексерілді» бағдарламасы эфирге шығады. Бағдарлама аясында біздің түсірілім топ халық қалауларымен бірлесіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген нысандарды аралап, тексереді. Кезекті нысан жөндеуден өткен Павлодар теміржол вокзалы. Экранға зер салайық.

Бұл салаға жауапты фракция депутаттары теміржол вокзалына барды. Жаңарту жұмыстары барысында жылу беру, желдету жүйесі жөнделіп, сырты әрі іші әрленді. Қазіргі заманға сай ғимараттың келбетін халық қалаулары тексерді. Көш жүре түзеледі демекші. Сын айтылған тұстар да бар. Бұл- бекеттің ішінде төселген еден.

Ұсыныс қабылданды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым күз айларында бұл кемшіліктерді толықтыратынын айтты. Бұдан кейін комиссия мүшелері сапарға шыққан жолаушылармен жүздесті. Қала халқы вокзалдың бүгінгі келбетіне риза.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Көрінісі өте жақсы. Көңілімнен шықты. Іші бәрі ашық. Өте жақсы салған. Бұрынғыдан өте жақсы.

Теміржол вокзалын күрделі жөндеу кезінде жылу және сумен жабдықтау жүйесі ескіргендіктен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым да жөнделді. Іші әрленіп, сырты да жаңарды. Сондай-ақ мүкіндігі шектеулі жандар үшін жедел саты тұрғызылды.

Ғимараттың жаңаруына демеушілік есептен 1 млрд 300 млн теңге жұмсалған. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым құрылыс жұмыстарына 3 жыл кепілдік береді. Тексерілді бағдарламасы бұл нысанға кейін қайта оралатын болады.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, МЕДЕТ КӘРІМ. ЕА