Полицейлер жедел профилактикалық шара кезінде 2 мыңға жуық құқықбұзушылықтың жолын кесті. Еңбек қызметін бұзып, шетелдік күшті жұмысқа тартқан азаматтар да анықталды. Осы және өзге құқықбұзушылықтар туралы келесі сюжетте.

Жедел профилактикалық іс-шараның төрт күнінде тәртіп сақшылары 640 әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алды. Оның ішінде, алкогольдік ішімдіктерді ішудің 210 фактісі, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 51, көші-қон заңнамасын бұзудың 261 фактісі анықталды.

ЖАНАР БІЛЯЛОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді еңбек етуге тартқаны үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлемінде айыппұл салынды.

Сот шешімімен Өзбекстан Республикасының азаматтары елімізден шығарылды. Полиция департаментінің қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шарасы ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы, ЕА