Соңғы жылдары белең алған аптап ыстық пен құрғақшылық Баянауыл ауданындағы ұлттық парк аумағында қарақұрттардың пайда боуына себеп болған. Қазір парк қызметкерлері қарақұрттарды жою жұмыстарымен айналысуда.

Қарақұрттар негізінен жазы салқын Арқа өңірінде мекен етпейді. Сондықтан, олардың парк аумағында пайда болу себебіне байланысты әр түрлі болжам бар. Алғаш рет 2006 – жылы қара көрсетіпті. Бірақ, ол кезде толық жойылған. Одан кейін былтыр Торайғыр көлі маңында пайда болып онда барып демалушыларды алаңдатқан еді.

АЛТЫНБЕК ҚҰРМАНОВ, «БАЯНАУЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР

Жалпы құстың қанатымен келген деп есептейміз оның жұмырқаларын. Сосын жеміс-жидектермен. Жоюды қолға алдық. Өте қауіпті. Парализованный болып қалуы ғажап емес.

Былтыр қарақұрттарды жою жұмыстары біршама жүрді. Алайда, толық жойылып кеткен жоқ дейді парк қызметкерлері. Сондықтан, олар жұмыртқасын жармай тұрып, әр түрлі шара қолдануда.

АЛТЫНБЕК ҚҰРМАНОВ, «БАЯНАУЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР

Күні кеше ғана алдыкүндері мамандар барып біразын теріп алып келді. Ақпарат беттеріне жариялап жатырмыз.

Парк аумағы ерекше қорғалғандықтан, химиялық тәсіл арқылы тазарту жүргізілмейді. Сондықтан, жұмыс аса ептілікпен теріп алу арқылы атқарылады. Биыл жылдағыдай ыстық құрғақшылық болмаса қарақұрттар жайылмауы мүмкін деген болжам да бар.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АРМАН ЯКУБОВ ЕА