Өңірде «Бекет-2024» оқу-жаттығуы жалғасып жатыр. Ол түрлі қауіптің алдын алуға бағытталған шараларды қамтиды. Кезекті жиын барысымен тілшіміз танысып қайтты.

Елімізде соңғы уақытта орын алған су тасқыны, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар оның алдын алу үшін командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу керектігін көрсетті. Сол себепті бірқатар шара атқарылып жатыр. Оның қатарында Бекет-204 оқу-жаттығуы да бар.

ДАРХАН ТОҚБАЕВ, 68303 1 ҚҰТҚАРУ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ

«Бекет-2024 оқу-әдістемелік жиынында зардап шеккен 200 адамға жатын үй жайын дайындадық және де тұрмыстық тіршілік палаткаларын, мысаолы душпен жуыну, киіммен қамтамасыз етілуі, тамақ ішуі 3 мезгіл, асхана құрдық. Және де техниклаар. автопарк өзіміздің жеке техникаларымызды қойдық. Палаткалардың ішінде жатын орындардың бәрі – кровать, матрас, одеяло дайындалған.

Оқу-жаттығу әскери қызметшілердің біліктілігін арттыруды көздейді. Осы арқылы қандай да бір дағдарыс жағдайына тап болған уақытта, жылдам әрекет ету шеберліктері де шыңдалады.

МҰРАТ МАЛГОЖДАРОВ, 99225 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл сайып келегнде, блокпосттың келісілген іс-әркетіне әкеледі. Мұндай оқу-жаттығулар арқасында бригаданың әскери қызметшілері әрқашан елімізді қорғауға және жауынгерлік есепке сәйкес тапсырмаларды орындауға дайын.

Аталған оқу-жаттығу 18 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында әскери қызметшілер маңызды стратегиялық обьектілерді қорғау бойынша тапсырмаларды орындайды.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА