Павлодарлық нейрохирургтер бас миына ауыр ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен қаржыландырылды. Қазір емделушілердің жағдайы қалай? Тілшіміз жалғастырсын.

Рүзия Махаева Павлодар қаласының тұрғыны. Жасы 75-те. Осыдан бірнеше жыл бұрын басы ауыра бастаған. Бірақ оған емделуші аса көңіл бөлмеген. Далада ес-түссіз құлап қалған кезде ғана дәрігерге жүгінуді жөн санаған.

РҮЗИЯ МАХАЕВА, ЕМДЕЛУШІ

Мен далада талып қалғанда 20 минут жаттым. Дәрігерлер жүрек деген екен деп ойлаған. Баста тамырлар жабылған екен. Бірінші операция ноябрьде, сосын желтоқсанда, кейін міне 11 мамырда жасады. Операцияны. Мастер-класс Астанадан келіп жасады дәрігерлер.

Ал, келесі пациент Галина Писегованың жағдайы тіпті ауыр болды дейді дәрігерлер. Науқастың диагнозымен танысқан мамандар ота жасауға жүрексінген көрінеді. Алайда 2001 жылдан бері жасалуы тиіс ауыр операцияны павлодарлық нейрохирургтар қолға алды.

ГАЛИНА ПИСЕГОВА, ЕМДЕЛУШІ

Былтыр мен қаламыздағы бір нейрохирургке бардым, ол менің сараптамаларымды көріп, Смагуловка жүгінуімді сұрады. Дәрігер Смағұлов қабылдап, маған ота жасау керек деді. Қарапайым тілмен айтқанда бас миының тамырларында қан ұйыған. Мен барлық нейрохирургиялық орталықтарға барып, олар ота жасауға жүрексінді. Мында келгесін операциядан қорықтым, шын айтамын. Бірақ дәрігерге сеніп, соған тапсырдым. Үш рет жасаттым, жағдайым жақсы. Басым да ауырмайтын болды.

Осылайша науқастардың қазіргі жағдайы жақсарып келеді. Емдеуші-дәрігердің сөзінше 4-5 күннен кейін олар үйге жіберіледі. Айта кетейік, пациенттерге операция нейрохиругиялық орталықпен бірлесіп жасалды. Үш науқастың да диагнозы бірдей- аневризмнің ауыр түрі.

ФАЙЗОЛЛА СМАҒҰЛОВ, КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ

Науқастарда аневризмнің ауыр түрлері. Бір пациентте аневризмасы өте көлемді болды. 2000 жылдан бері ауырады. Мәскеуде емделген екен бірақ реканализация болған. Аневризм ісіктің түрі секілді бола бастаған. Осылайша орталық жүйке жүйесіне зиян келтірген.

Өткен жылда инсульт орталығында осындай 170 науқас операциядан өткен. Айта кетейік, операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жасалды. Әр отаның құны 4 млн теңгеден асады.

Самал Қалиқызы, Арман Якубов, ЕА