Павлодарда 8 айлық баласын аштан өлтірген әйел сотталды. Сот оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оқиға Павлодар облысы Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Шідерті кентінде былтыр қараша айында болған еді.

Ресми ақпарға сүйенсек, анасы қызына бір апта бойы нәр татқызбапты. Ал, баланың мәйіті сол маңайда тұратын әжесінің үйінен табылған. Айта кетейік, облыстық сот аталған істі «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қарады. Ал отбасында бақилық болған сәбиден бөлек, екі бала бар екен. Олар арнайы мекемелерге тапсырылды.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Екібастұз қаласы Шідерті ауылында тұрып, өзінің 8 айлық баласына қылмыстық немқұрайлылық танытып, оны жеткілікті тамақпен қамтамасыз етпеген. Бұл Т ның абайсыздығы осы баланың өліміне әкеп соққан. Т кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді. Сондай-ақ Т ның сот медициналық сараптамасының қорытындысымен сарапшының айғақтарымен және де сотта зерттелген басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК. ЕА