Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Екібастұздың 50 жылдығы» көшесі бойынша өздігінен ағатын магистральдық кәріз коллекторын ұзақ пайдаланылу және тозуына байланысты құбырдың лайлануы орын алды. Соның салдарынан құбырдың өткізу қабілеті едәуір төмендеп, оның бойында жарықтар пайда болады. Құбырдың жоғарғы бөлігі опырылып, авариялық жағдай туындаған.

ЕРЖАН САЛХАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

2023 жылдың шілде айынан бері құбырдың беткі қабатында 4 рет топырақ опырылып, ол одан әрі ұлғаюда. Қалыптасқан жағдайға байланысты Екібастұз қаласындағы магистральдық кәріз коллекторында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Айта кетейік, енгізілген төтенше жағдай қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.