«Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында табиғи апаттың алдын алу шаралары мен тіл мәселесіне баса мән берілді.» Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі Ақбаржан Исмаилов осылай дейді.

 Айтуынша, алқалы жиын онлайн форматта өткенімен, бүгінде өзекті болған табиғи апат-жан жақты талқыланды. Алдағы уақытта мұндай қауіп орын алмас үшін бірнеше аймақта бөгеттер салынып, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар нығая түспек дейді. Сондай-ақ, Ақбаржан Исмаилов зардап шеккен аймақтарға бүгінде 770 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберілгенін алға тартып, жағдай оңалғанша көмек көрсетілетінін айтты.