Мемлекеттік тілімізді жан-жақты дамытуымыз қажет. Бұл туралы Ассамблея сессиясында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қадап айтты. Ол өз сөзінде: Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынын жеткізді. Бұны елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері де қолдайды.
Қазақ кең пейіл, қонақжай халық. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері небір қиын-қыстау заманды өткеріп, қазақ жерінен пана тапқан. Сондықтан халық бірлігі этностар үшін де қымбат құндылық. Қазір ішкі тұрақтылықпен ұлтаралық келісім ауадай қажет. Азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды деген еді Президент.
УЛУГБЕК АХМЕДОВ, ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессия отырысында мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық тіліне айналатынына сенімдімін деп айтты. Тіл көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететін тарихтың өзі көрсетіп отыр.
Араңдатушылыққа жол бермей, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана қоғамды жаңғыртады. Халқымызды ары қарай жүруге жетелейтіні сөзсіз.
Әйгерім Тоқпанқызы