Биыл облыс тұрғындарының осал топтары үшін 815 пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Оған 12,8 миллиард теңге жұмсалады. Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы «Достық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысын жалғастыру үшін 1,3 миллиард теңге бөлінеді. Осы және өзге де бюджеттік нақтылаулар облыстық мәслихат сессиясында қаралды.

Облыс бойынша 24 мың адам пәтер кезегінде. Ал, салынып жатқан баспана аз. Әсіресе аудандар мен ауылдардағы кезек тым баяу жылжиды. Осы олқылықтың орны биыл толады деген үміт бар. Облыстық мәслихат 13 миллиардқа жуық теңгеге 815 жалдамалы пәтер сатып алу жобасын қолдады.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары кәсіпкерлерді қолдап Шарбақты ауданындағы 6 мектепті ағымдық жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу жобасын да бірауыздан мақұлдады. Ал, ауыл шаруашылығын қолдау шарасы да басты назарда.

Мәслихат сессиясында ветеринария саласын қолдау шаралары да айтылды. Ведмоства басшысының айтуынша, санитарлық қадағалау сапасын арттыру үшін бірқатар жұмыстар жасау керек. Әсіресе жаңадан мал қорымдарын сауды ісін кешеуілдетуге болмайды.

Сондай-ақ, жекелеген санаттағы азаматтарды тегін ем-шарамен қамту бойынша атқарылмақ шаралар да депутаттар тарапынан мақұлданды.

Жанасыл Серікбол