Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асуда. Осыған орай облыс әкімі Асайын Байханов өңіріміздегі «Достық» шағын ауданында салынып жатқан мектептің құрылыс алаңына барды. Экранға зер салайық.

1200 орындық 3 қабатты білім ордасының құрылысына барлық заманауи технологиялар мен ең жоғары стандарттар қолданылып жатыр. Облыс басшысы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жаңа мектепте оқу кабинеттерінен бөлек, үлкен мәжіліс залы мен үш спорт зал болмақ.

Қазір құрылыс орнында жертөленің еден плиталарын орнату және 1 қабаттың қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектептің құрылысын биыл жыл соңына дейін толғымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан кейін өңір басшысы № 26 мектепте білім беру нысандарын абаттандыру жоспарымен танысты. .

Былтыр 40 балабақша аумағындағы 80 мың м2 асфальт жабыны толығымен жаңартылған еді. Дәл осылай ондаған жылдар бойы жаңартылмаған және әбден тозығы жеткен облыс орталығындағы 20 мектептің аумағын абаттандыру жоспарлануда. Облыс басшысы әсіресе балабақшалар маңын абаттандыру жұмыстарына мән беру керек екенін айтты.

Айта кетейік, тағы бір жаңа заманауи білім ордасы Гагарин көшесі, 47 мекенжайында орналасқан Қ. Мақпалеев атындағы №4 мектеп жанынан бой көтередіі. Оқу орны 600 орынға есептелген. Сондай-ақ, ұлттық жобаны іске асырудың екінші кезеңінде Жастар, Усолка және Шығыс шағын аудандарында мектептер ашылады.

Қымбат Садық