Өңірде өрт маусымы басталды. Осыған орай орманшылар азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Қазіргі күні өрт қауіптілігінің төртінші санаты жүруде. Сондықтан, сақтық шаралары әр азамат үшін маңызды. «Ертіс орманы» резерваты ерекше қорғалатын аумақ. Сондықтан аумаққа тек арнайы рұқсат арқылы ғана кіруге болады.

Биылғы өрт қауіпті кезең басталғалы орманның тұтануы әлі тіркелген жоқ. Мүлдем болдырмау үшін қарапайым ережелер қағидасын қатаң сақтау қажет. Ал, оны бұзып, өрт шығарып алған адамға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жанасыл Серікбол