Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан өкілдері Ақсу қаласында мектеп оқушылармен кездесу өткізді. Онда әскери оқу орынына түсу туралы бағыт-бағдар берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Кездесу Ақсу қаласынының №8 мектебінде өтті. Оған 10-11 сынып оқушылары қатысып, ауыл мектептері онлайн қосылды. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық Ұлан өкілдері, генерал-майор кәсіптік бағдар беріп, оқуға түсу, құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасудың тиімді шарттарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мұндай кездесулер нәтижесінде оқушылардың әскери өмірге деген қызығушылығы артып, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге ынта білдіретіндердің қатары көбейе түспек.

Қымбат Садық