Елімізде әлі де су тасқынына қарсы шаралар жалғасын тауып жатыр. Қазір ахуалы қандай? Алдағы сюжеттен көріңіз.

Еліміз бойынша 38 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6726 адам эвакуациялау пункттеріне орналасқан. Су тасқыны басталғалы 12,9 млн текше метр еріген қар суы сорылды. 7 млн-нан астам қапшық, 1,5 млннан астам инертті материал төселді.

АСҚАР ШӘРІП, ҚР ТЖМ ӨКІЛІ

Қазіргі Атырау облысы су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Дронның көмегімен жүезе асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 500 км ден астам бөгет салынды. Құлсарыда 105 мыңнан астам су сорылды

Ал, Батыс Қазақстан облысы Жайық өзенініңде бақылау жұмыстары жалғасуда. Қазір су деңгейі 8 метр 36 см-ді құрайды. Бұл қауіпті деңгейден 14 см-ге дейін төмендеген.

Сәуір айының соңында еліміздің бірқатар бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

29 сәуірдегі елдегі су тасқыны ахуалы осындай.

Қымбат Садық