Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде: «Өңір басшылары айына екі рет Ассамблея мүшелерімен кездесіп, құрылымның әлеуетімен танысуды тапсырған еді. Президенттің бұл тапсырмасы атқарушы биліктің көңілінен шықты.

Ассамблея-ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін ұйым. Сессияда Президент институционалдық әлеуетін нығайтып, жергілікті атқарушы органдармен және мәслихаттармен жұмыс жүргізу үшін тиімді тәсілдер табуға баса мән беру қажет деп айтты. Айына екі рет облыс әкімдері тұрақты түрде, орынбасарларына ысыра салмай, тікелей кездесу керек екенін тапсырды. Бұл бастаманы жерлесіміз, Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайда қолдап отыр.

МАКСИМ СПОТКАЙ, ҚР СЕНАТ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі де нақты міндеттер қойылды. Мысалы қазіргі кезде региондарда этномәдени мәселелер бойынша жиындарда әкімдердің өздері қатысатын болады. Одан бөлек мәслихат депутататтары да қатысады. Ол өте маңызды институционалдық шешім деп білемін. Себебі, этноахуалды қадағалайтын бір нақты тетік, бір нақты құрал.

Ассамблея - ұлтты ұйыстырып отырған ұйым, мемлекет іргесін бекітіп тұрған басты институт деді - ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Араңдатушылыққа жол бермей, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана қоғамды жаңғыртады, ұлтымызды алға қарай жетелейді.

Әйгерім Тоқпанқызы