Облыс әкімі Асайын Байханов пен Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат адам құқықтары мен халықтың әлеуметтік осал топтарын сақтау және қорғау саласында өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы ағымдағы жағдайы, омбудсмен институтының жұмысы мен міндеттері туралы баяндады. Артур Ластаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, балаларға көрсетілетін қатыгездіктің және зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту қажеттігіне баса назар аударды. Құқық қорғау органдарын тергеудің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз етуге, қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты озбырлық фактілерін болдырмауға шақырды. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы мен тиімділігін назарға алынған. Меморандумда адам құқықтарын сақтау және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар мәселелер көзделген.