Облыс орталығында жаппай сенбілік өткізілді. Тазалық шарасы аясында жүздеген түп ағаш егілді. Сенбіліккке облыс әкімі бастаған атмінерлер де ат салысты.

Өңір басшысы Асайын Байханов Благовещенск кафедралды соборының жанындағы скверге ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Скверге 235 қарағай, 35 шырша егілді. Игі шараға депутаттар, ардагерлер, қоғам белсенділері де қатысты. Жастар да қолдау білдірдіріп, қолғабыс көрсетті.

Ал, шаһар басшысы облыс орталығын одан әрі көгалдандыру жоспарларын таныстырды. Оның айтуынша, биыл Павлодар қаласының аумағында 20 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Биыл қураған ағаштардың орнына жас талдарды егу жұмыстарын бастадық. Бұл жұмыс үш учаскеде жүргізіледі. Шөкин көшесі бойында академик Марғұлан көшесінен бастап, генерел Дүйсенов көшесіне дейінгі және Абай көшесі мен Нұркин көшесі аралығында. Астана көшесі бойында Торайғыров көшесінен Едіге би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жерлерде қырық жылдан бері тұрған ағаштарды алып тастап, орнына жас ағаштар егеміз.

Облыс орталығының жасыл белдеуінде 10 000 түп ағаш отырғызылады. Облыс әкімі ағашты егіп қана қоймай, күтім жасау ісін күшейту керек деді. Ол үшін автоматты суару жүйесі жолға қойылады. Ағаш отырғызғаннан кейін Асайын Байханов сенбілікке шыққан Мәшһүр Жүсіп көшесі, номері 1- үйдің тұрғындарымен кездесті. «Березка» саяжайы маңындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Өңірдің тазалығына бей-жай қарамай «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сенбілікке ат салысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, тазалық мәселесі өңірімізде бар. Жалпы ел бойынша бар деп айтуға болады. Бірақ, бұның шешімін табуға болады. Қоқысты айналамызға ешкім сырттан әкеліп жатқан жоқ. Бастысы осыны түсінуіміз керек. Біз қоқыстарды сорттау кешені жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Бірінші этапта пластик, қағаз, әйнек, метал қалдықтар сорталады. Екінші этапта биологиялық қалдықтар өңделеді. Жобаны биыл бастаймыз.

Экологиялық акцияға қала тұрғындары, спортшылар, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жанасыл Серікбол