«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жастарда ат салысты. Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері оқу ордасының алдына 100 ден аса жасыл көшет отырғызды. Бұдан бөлек сенбілік өткізді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Экологиялық науқанның басты міндеті қоршаған ортаны қорғап, жасыл желек қорын көбейту. Жастар аталған бастамана қолдап, белсенділік танытты. Себебі, ағаш егу-сауапты іс дейді студенттер.

АЙНҰР КИСЕНОВА, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ 1 –КУРС СТУДЕНТІ

Біз осы колледжбен бірге Таза Қазақстан акциясын қолдауға шықтық. Біз таза, әрі әдемі қалада өмір сүргіміз келеді. Таза Қазақстан акциясын қолдауға шықтық. Біздің неғұрлым ағаш көп болса, соғұрлым біздің қоршаған ортамыз таза әрі әдемі болады.

АЙСАНА ТЕМКЕШ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТІ

Таза Қазақстан акциясын жастар қауымы ретінде қолдап, білім, оқитын және басқа студенттермен бірге аумақты таза ұстап, жүруіміз біз үшін міндет.

Ағаш отырғызу – қоғамға пайдасы зор бастама. Қоршаған ортаны қорғау ісіне тигізері мол. Тағылымы мол шараға жергілікті билік өкілдері де қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Қаланың көркі-жасыл желек. Айта кетейік, студенттер акция барысына 100 ден аса ағаш отырғызды. Енді олар бұл ағаштарды қараусыз қалдырмай, уақытында суарып тұруды да міндет деп біледі.

Әйгерім Тоқпанқызы