«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңіріміздің тағы бір ауданында талдар егілді. Железин ауданына қарасты Жолтаптық ауылында мың түп көшет отырғызылды. Оған облыс орталығынан, Астана, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейден келген қонақтар көмектесті. Толығырақ тілшіміз жалғастырады.

Ағаш отырғызу – табиғатты қорғау және экологиялық мәдениет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан акциядан железиндік жастар, жергілікті атқарушы органдар мен партия мүшелері де тыс қалмады.

Жолтаптық ауылының тұрғындары елді мекеннің көркейіп, көгалдануы үшін шараға белсене қатысты.

ЖАНАТ АСҚАРОВА, ЖОЛТАПТЫҚ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жасыл аймақ» акциясы өте маңызды, өйткені ол пайдалы ғой және экологиялық проблемалар шешу үшін және біздің ауылымызда өтіп жатқаны өте жақсы. Барлықтарымыз қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Осындай үлкен бір іс-шара өтіп жатыр. Сол себептен барлықтарыңызға көптен көп рақмет! Осы ауылдың тумасымын, осы ауыл – менің туған жерім, сондықтан көмектесуге дайынмын.

Ресейлік қонақтар да сыйлық ретінде көшеттер алып келген. Айтуларынша, көрші елдің эко-белсенділері былтыр Алматы облысында мың түп алма ағашын отырғызуға қатысқан.

ЕЛЕНА ГОРОХОВА, ЭКО-БЕЛСЕНДІ (РФ, ОМБЫ ҚАЛАСЫ)

Мен бүгінгі шараға Новосібір облысынан татар орман шаруашылығынан көшеттер әкелдім. Мұнда осы аумақта отырғызуға қолайлы болатын қарағай және қайың ағаштары бар. Ағаш отырғызу – атқаратын жұмыстардың бірі ғана. Осындай шаралар арқылы адамдар табиғатқа жақындай түседі. Санамызда «бір ағаш отырғызсам, оны жақсылап күтіп-баптау керек» деген түсінік қалыптасады.

Жолтаптық ауылындағы мұндай шаралар «Таза Қазақстан» акциясымен шектеліп қалмайды. Қазір тұрғындар аймақтарына инвестиция тартып, халықаралық еріктілер мектебін ашуды көздеп отыр.

Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш