Достық үйінде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» ұлттық жобасы аясында «Отбасы-тәрбие іргетасы» атты облыстық фестиваль бастау алды. Жобя аясында әр демалыс күндері қаламыздың мектептері қатысып, салт-дәстүрімізді дәріптейді. Кезекті өткен шараны біздің тілшіміз тамашалап қайтты.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейді дана халқымыз. Өскелең ұрпақ үшін ұмыт болып қайта жанданған сәлт-дәстүрімізді дәріптеу ісін аналар кеңесі қолға алған. Тал бесіктен бұл қасиетті бойына сіңіре білген ұрпақ, ұлтымыздың асыл ғұрыптарын ұмытпасы сөзсіз. Әр сенбі күндері қаламыздың мектептері ата-аналармен бірлесіп атадан қалған мұраны насихатайды.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Бәрі бір бірінен асқан. Қайсына баға беремізді білмейміз. Барлығы да жоғары бағада. Себебі шын көңілдеріменен Бізде қойылған шартымыз ата-ана ұстаз шәкірттері солар бірігіп, сондай-а бірінікін қайталамайды. ... ол сондықтан барлық ұмыт қалған салт-дәстүрді осы фестивальді жыл аяғына дейін өткізіп, қарашада қорытынды жасайық деп отырмыз.

Бұл күні қатысушылар «Есік ашар», «Құлақ тесу», «Қыз ұзату», «Шолпы тағу» дәстүрін көрсетті. Шолпы – ұлттық әшекей ғана емес, қыз баласының бойжеткенін білдіретін рәміз. Қыз бала он бес жасқа толғанда тағылады.

Ал Теміржолшылар ауылынан келген №46 мектеп ұжымы «Құлақ тесу» салтын көрсетті.

ДИНА ЕРЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №46 ЖОББМ КӨРКЕМ ЕҢБЕК МҰҒАЛІМІ

Аналармен әжелермен қосылып біз іс шараға қатысып жатырмыз. Өз салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Жалпы осы жобаның мақсаты ұмыт болған, жалпы біздің қазақ халқымыздың қандай салт дәстүр бар соның бәрін көрсетуге әр ай сайын 5-6 мектептен бөліп тастады. Ай сайын біз салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Бізде құлақ тесу салт-дәстүрі бұйырды.

 «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестиваліне Мәшһүр Жүсіп атындағы, Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп №30, №46 және Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары қатысты. Фестиваль қараша айына дейін жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы