Павлодарда дзюдодан Батырбек Сейсенбаев атындағы дәстүрлі республикалық ашық біріншілік өтті. Онда жиыны 350 ге жуық балуан баптарын сынады.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаев атындағы республикалық ашық біріншілік биыл жиырма бесінші рет өтті. Дзюдоның барлық салмақ түрі бойынша ерлер мен әйелдер бәсекеге түсті. Дәстүрлі сайысқа алыс-жақыннан дзюдо мамандары мен бапкерлер қонақ ретінде келіп, сайыс барысын бақылады. Олардың қатарында федерация өкілдері де бар.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасындағы 60, 66, 73 келі салмақ категориялары бойынша жүлделер сарапталды. Қыздар арасында да жеңіл салмақтағы бәсекелер өтіп, жеңімпаздары анықталды.

Қатысушылар ішінде көптеген жетістіктерге жеткен, биік шыңдарды бағындырған шеберлер де бар. Павлодар татамиінде олар дәл қазіргі баптарын сынап көрді. Тәжірибелерін шыңдады.

Жарыс екі күнге созылып, жеңімпаздар медальдарға иелік етті.

Жанасыл Серікбол