Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар деді мемлекет басшысы Ассамблеяның 33 сессияда сөйлеген сөзінде. Қазақ елі- бірлігі бекем ел екенін сын сағаты айқын көрсетті. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтіп, қол ұшын созды. Биыл өткен басқосу әртарапты өтті. Әр айтылған түйін ой көпшіліктің көңілінен шықты.

Төртеуі түгел болса төбедегі келеді демекші бірлігі жарасқан Қазақстанда бір шаңырақ астында 134 ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Бүгінде Ассамблея мүшелерінің әр ұсынысы, бастамасы қолдау табады. Себебі, Қазақстан – бейбітшіліктің мекені. Мемлекет басшысы: «Ассамблея қоғамдық кеселдермен күресуге күш салатынын айтты. Әлеуметтік жобалармен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесі жанға қонымды дейді Онлайн форматта өткен жиынға қатысқан жерлесіміз Элина Паули.

ЭЛИНА ПАУЛИ, АСТАНА ҚАЛАСЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Президентіміз Ассамблея алдында бірнеше міндет қойды. Осы міндеттердің үшінші құрылтайда айтылған принциптер негізінде осы міндеттерді біз жүзеге асырамыз. Бұл жұмыс басталды. Ассамблея тек қана өз жұмысын мәдениет жағынан ғана емес. Әлеуметтік, медиативтік, жобаларды, мемлекеттік тілді қолдайтын жобаларды жүзеге асырады.

Бұндай кездесулер өте өзекті. Бейбітшілік пен ішкі тұрақтылық ауадай қажет. Себебі, Ассамблея - мемлекет іргесін бекітіп тұрған басты институт.

Әйгерім Тоқпанқызы