Павлодар облысында тұратын Отан соғысы ардагерлеріне биыл 5 миллион теңгеден төленеді. Бұдан бөлек тыл ардагерлері де бұрын 50 мың теңге алса, биыл 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алады.

ҚР Премьер Министрінің тапсырмасы бойынша Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығын мерекелеу аясында Отан соғысының қатысушыларына төленетін біржолғы төлем биыл ұлғайтылды.

ВЕНЕРА ДЕМЕУБАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

ҰОС Жеңісінің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС қатысушыларына бір жолғы төлемдер 2 млн теңгеден 5 теңгеге дейін көбейтілді. Оны облыс бойынша 7 ҰОС ардагері алатын болады. Жеңіске жетуге үлес қосқан азаматтарға ҰОС ардагерлеріне теңестірілген төлемдер көбейтілді. ЕКінші дүниежүзілік соғыс кезіндефашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін, Ленинградты қорғағаны үшін азаматтарға 60 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін көбейтілді. Тыл ардагерлеріне 50 мыңнан 100 мыңға дейін көбейтіледі.

Облыс бойынша осы төлемдерді 3700 адам алатын болады. Айта кетейік, Павлодар облысында 7 Отан соғысы ардагері тұрады. Олардың ішінде жасы үлкені 101 жаста Мария Курбатова, ең жасы 97 жаста Николай Ступко.

Самал Қалиқызы