Павлодарда түнде көше кезіп жүретін жасөспірімдердің саны артты. Биылғы статистика тіпті жаға ұстатады. Соңғы екі айда өз баласына қарамаған 200 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Мәселені алдын алу үшін полиция қызметкерлері ағартушылық шарасын апта сайын өткізуді қолға алды.

Кезекті ұйымдастырылған рейд Бектұров көшесінен басталды. Аталған мекенжайда орналасқан ойынханада кәмелет жасына толмаған балалар беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүрген. Бұдан кейін мейрамханалар тексерілді. Онда да заң бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Ал түнгі уақытта жасөспірімдерді жолатпауы керек болған мекеме әкімшілігіне шара қолданып, айыппұл салды. Ұсталғаннан кейін полиция бөлімшесіне ата-аналары шақыртылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бәріне ортақ. Кәмелетке толмаған жасөспірімге түнгі сағат 22:00-ден ауғаннан кейін ойын-сауық орындарында заңды өкілінсіз жүруге болмайды.

Әйгерім Тоқпанқызы