Жасанды интеллек дәуіріне сенімді кіріп, қажетті шешімдер қабылдаудамыз. Әсіресе білім беру саласында жасанды интеллект құралдары тереңдеп енуде. Бұл жағдайда мұғалімдер нені білуі керек? Ұстаздар мен оқушылардың жауапкершілігі қандай? Бұл сұрақ әркімнің көкейінде жүр. 




Мемлекет басшысы тарапынан да, Үкімет тарапынан да жасанды интеллекті жетістікрені қолдануға қолдау мол. Облыс әкімдері де цифровизацияның жетістіктерін, жасанды интеллектінің игліктерін кеңінен қолдануға жол ашуға мүдделі. Әсіресе білім саласына, оның ішінде орта мектептерге кеңінен қолдануға мұғалімдерінен бастап, оқушыларына дейін ұқыпты пайдалануға мүмкіндік жасалған. 

Бұл жыл басында есігін ашқан номері 47 мектеп. «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында ашылған. Жаңа мектеп жаңа технологиялық жетістіктермен ашылды. Цифрлық білім берудің, жасанды интеллектіні қолданудың негізгі үлгісін көрсетуде десек артық айтқандық емес. 

Бұның бәрі құрал. Және оның адам өмірінің игілігі үшін қолдану жолдары. Жасанды интеллектінің көмегі көп. Алайда, тек осыған иек сүйеп мұғалімнің немесе оқушының өз ойлау жүйесіне кедергі келтіруге болмайды. 

Бұл тұрғыда тиісті ақпараттық және ағартушылық жұмыстары жүруде. Алдағы уақытта да жалғаса бермек. 


Жанасыл Серікбол