Негізгі Жаңалықтар Емханалардағы жаңашылдық

Емханалардағы жаңашылдық

Емханаға ем іздеп барғандар, кабинеттердің табалдырығын тоздырып, уақыт өткіздік деп жиі шағымданып жатады. Енді бәрі жеңіледеді. Кардиолог, гинеколог, уролог сынды өзге де бейінді мамандар пациенттерді терапевтке қайта жібермей ақ өздері басқа тексерулерге жолдай алады. 


3 тамыздан бастап емханаларда медициналық көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа қағидалар дәрігерлерге жүктемені оңтайландырып, пациенттердің ем алуын жеңілдетуге бағытталған. 

Айгүл Әбілхасан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша штаттан тыс маманы 

Осыған дейін терапевт бейінді дәрігерлерге жолдама берсе, бейінді дәрігерлер мысалы кардиолог, нефролог мамандар келген пациентті қабылдап, қосымша ұсыныстар беріп, терапевтке қайта жіберетін. Терапевт сараптамаларға жолдамаларды беріп, соңында емделушіні бейінді дәрігерге жіберетін. 3 тамыздан бастап бұл жеңілдеді. Енді бейінді мамандар жолдамаларды терапевтсіз-ақ өздері жазып, бере алады. Бұл уақытты қысқартып, уақытылы ем алуға көмектеседі. 

Сондай-ақ емханалар дәрігерлердің қабылдау кестесін 60 күн бұрын жариялауға міндеттелді. Бұл азаматтарға дәрігер қабылдауына алдын ала жазылып, өзіне қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік береді.

Айгүл Әбілхасан, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша штаттан тыс маманы 

Статус деген ұғым бар. Мысалы, «емделді», «жақсарды» деген, енді «емін жалғастырып жатыр» деген мәртебесі енгізілді. Бұрын терапевт арқылы жолдама алып, бейінді дәрігерге келу керек болатын. Енді бейінді маман жолдамасыз қабылдап, «емделіп жатыр» деген статусын қоя алады. Жаңа тәртіпке сәйкес, дәрігерлердің қабылдау уақытына қойылатын ең төменгі талаптар да белгіленді: бейінді маманның қабылдауы – кемінде 20 минут; ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) – кемінде 20 минут; алғашқы қабылдау – 30 минутқа дейін болады.

Ал, диспансерлік есепте тұрғандар терапевттің жолдамасынсыз тура бейіндік дәрігерге жазыла алады.  


Самал Қалиқызы



Бөлісу