Негізгі Жаңалықтар Кітапханадағы кино көрсетілімі

Кітапханадағы кино көрсетілімі

Екі апта көлемінде отандық кино өнерінің туындылары тегін көрсетіліп келеді. Бұл мүмкіндікті Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұсынып отыр. Кітапхана келушілеріне қандай фильмдер көрсетіледі? Жоба қашанға дейін жалғасады? Алдағы бейнематериалдан көрейік.


Облыстық кітапхананың ұйымдастырумен қолға алынған «Кітапханадағы кино көрсетілімдері» жобасы отандық кино өнерін насихаттап, тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруды көздейді. Бұл бастама, сонымен қатар, кітапханаға келушілер санын арттырып, оқырмандардың рухани орталыққа деген қызығушылығын оятуға бағытталған.

Жоба тамыз айының 3–14 аралығында өтеді. Осылайша, кітапхана кітап оқитын орын ғана емес, мәдениет пен өнер тоғысқан жарқын алаңға айналып отыр.

Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу