Облыстық мәслихатта Павлодар облысының 2023-25 жылдарға арналған бюджеті бекіді. Негізгі басымдық қай салаға берілді? Алдағы жылдары қандай әлеуметтік-экономикалық жобалар іске асады?

Бюждет облыстың кірістері мен шығыстарына баланс жасала отырып жасақталды деді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук. Барлық әлеуметтік міндеттемелер қамтылады. Білім, денсаулық сақтау саалсына басымдық беріледі. Мектептер мен балабақшыларды жаңғырта отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру негізгі меже ретінде қойылды.

Ирина Назарчук, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы:

Халықпен тұрақты кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелерге баса назар аударылды. Халық жиі айтатын мәселерді шешу үшін облыс бюджетінен 8,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Ал, білім беру саласына 184 млрд теңге қаарстырылуда. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Осылайша 11 мектеп, 4 балабаұшаны жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Павлодар қаалсында 3 спорттық алаң салынады. Оның құны құны 5 млрд 300 миллон теңге.

Денсаулық сақтау саалсына 22 млрдтан астам теңге жоспарланып отыр. Ауруханалар мен емханаларды жабдықтауға негізгі басымдық беріледі. Ең әуелі перзентхана мен қан тамыры ауруларын емдеуге және реанимация бқліміне қажет құралдар сатып алынады.

Ирина Назарчук, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы:

Жалпы 300 ге жуық қажетті жабдықтар сатып алыну жоспарланған. 13 медицналық мекеменің ғимараты жөндеуден өтеді. Оның 8-і ауылдық елідмекндерде. Қалалық номері бірінші аурухасының реканструкциялау жұмыстары жалғасады. Набержное, Погранищник, Әлікей Марғұлан ауылдарындағы медициналық мекемелердің құрысылна 8 миллирадқа жуық теңге бөлінеді.

Ал, әлеуметтік қамту саалсына 20 миллиардтан астам, дене шынықтыру және спорт саласына 16 млрдтан астам теңге қарастырылған.

Болат Аманжолов, экономика және бюджетті жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының м.а.:

Үш жылдық бюджтті жоспарға мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық шаралар енді деп айтуға болады. Халыққа қажетті ұлттық жобаларды іске мәселесі де қарастырылды. Аудандар мен қалаарда мектептерді, мектепке дейінгі және медиицналық мекемелерді жаңғрыту жұмыстары да жалғасады. Облс мектептерінде бастауыш сынып оқуыларын тегін тамақтандыру, үш қалада мектеп оқушыларын тегін қоғамдық көлікпен қамту міндеті де орындалады.

Сонымен барлық түсімдер мен шығындар есептеле отырып, келер жылдың бюджеті 387 млрд теңгені құрады.

Жанасыл Серікбол