Биыл өңірге 179,9 млрд теңге инвестиция тартылды
Биыл қаңтар-сәуір айларында 179,9 миллард теңге инвестиция тартылды. Қомақты қаражат қандай жобаларға жұмсалады? Тілшіміз баяндайды.
Өңірімізде 1027 өңдеуші кәсіпорын бар. Жұмысқа жарамды тұрғындардың төрттен бір бөлігі өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Павлодар облысы Қазақстандағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша төртінші орында. Экономикамызға инвестициялардың басым бөлігі Ресей Федерациясы, Түркия, Швейцариядан келеді.
САҒЫНЫШ НУРКИМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өңірде минералды шикізаттың үлкен қоры бар, тау-кен кластері құрылды. Облысымыздың тиімді жерде орналасуы, дамыған халықаралыс байланыс, жер ресурстары, табиғи ресурстар – осының бәрі инвестициялық тартымдылықты арттырады
Қазір облыста 10 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ге жуық жоба іске асырылуда. Ал ауыл шаруашылығы саласында биыл құны 56,4 миллиард болатын 35 жоба қолға алынбақ.
СӘУЛЕ ШУКУРОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда Аққулы ауданында 10,5 мың тоннаға, Екібастұз қаласының ауылдық аймағында 9,6 мың тоннаға көкөніс қоймасын салу бойынша үш жоба іске асырылды . Сондай-ақ Ақтоғай ауданында 374 га суармалы учаске бойынша құны 500 миллион теңге жоба іске қосылды
Ауыл шарушылығы саласындағы жобалардың негізгі бағыты – сүт өнімдерін өндіру, суармалы жерлерді іске қосу, көкөніс қоймаларын салу. Жақында Ақсу ауылдық аймағында қытырлақ картоп өндіретін зауыт ашылмақ. Оған Ақтоғайлық компания инвестор болып, фирманы жергілікті картоппен қамтамасыз етеді.
СӘУЛЕ ШУКУРОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл кәсіпорын жер учаскесін рәсімдеп үлгерді, техникалық шарттарды тіркеу және рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Бұған қоса, жақында облыс аумағында жөргектер және өзге жеке гигиена құралдарының өндірісі ашылуы мүмкін. Қазір жобаға инвесторлар қарастырылуда.
Жұлдыз Қабылденова