Екібастұз қаласының тұрғындарын қандай сұрақтар мазалайды? Олар аймақ басшысымен кездесу барысында сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Кеншілер шаһарындағы оң өзгерістер жайлы тілшіміз айтсын.
Екібастұз қаласының барлық макрокөрсеткіштері оң динамикаға ие. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым бағытында кешенді жұмыстар жасалды. Ол жылу желілерінің тозуын 92 пайыздан 75 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл Екібастұз жылуэлектр орталығына 20 млрд теңгедей қаражат инвестицияланды. Одан бөлек, 270 ауланың 116-сында заманауи жарықтандыру жүргізілді. Келер жылы тағы 100 аулада аталмыш жұмыстар қолға алынады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бірінші Екібастұз қаласында 40 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. 209 көпқабатты, 2 мың жеке тұрғын үй сапасын жақсартады. Су бұру деңгейін төмендетеді.
50 аула мен 24 әлеуметтік нысанның аумағына асфальт төселді. 66 заманауи балалар алаңы, 20 шағын футбол алаңы, 10 хоккей корты, 6 воркаут және 5 стрит бол алаңы орнатылды. Қаланың тұрақты дамуын қамту үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру маңызды, деді облы әкімі.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл ретте «Риелькас систем»» атты ұстау бандаж жүзеге асырпу жаңа серпін береді.... Экспорттық әлеуетті арттырады. Мегаватқа дейін ұлғайтылады.
Екібастұздың 10 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүрді. 2025 жылы 5 мектепте дәл осындай жұмыстар қолға алынады. Сондай-ақ, әлеуметтік бағытта келесі жылы 3 млрд теңге сомаға жалпы 16 жоба жүзеге асырылады.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі жылы да жолдарға және жолдардың жөндеу жұмыстарына аса мән беріледі. Жөндеу көзделген. Қаланың 10 көшесі ретке келтіріледі.
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін екібастұздықтар сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Сәтпаев 9 көшесі бойынша. Кәріз жүйесі бізде аулашілік құдықтарға құйылады. Яғни ол әр 2 ай сайын толып қалады. Оны тазалағанша 10 қабатты үйдің барлық пәтерлерінде сұмдық иіс тұрады. Осы мәселені қалай шешуге болады?
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз қазір су арнайына тапсырма береміз. Қыста ол жерде жұмыстар жүргізе алмайды. Күн жылынғаннан кейін сол учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазып, учаскедегі құбырда ыауыстырады. Сараптама жүргізеді, ол су мүмкін кәріз суы емес, жер асты суы шығар. Кешенді жұмыстарды жүргізеді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жабық тұрақ салатын ондай бізде жоспар жоқ. Жалпы негізі онымен әкімшілік айнеалыспайды. Жеке кәсіпкерлер сұраса ғана. Ол әкімдіктің жұмысы емес.
Екібастұз қаласының тұрғындары көбінесе тұрғын үй коммуналдық сұрақтар бойынша жүгінді. Аймақ басшысы мәселелерді қала әкімі мен жауапты органдарға бақылауға алуды тапсырды.
Самал Қалиқызы