Өңірлік коммуникациялар қызметінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіндегі соңғы өзгерістер талқыланды. Толығырақ келесі сюжетте.

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де декларация тапсырды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық азаматтар декларациялау жүйесіне кіреді.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау 3 кезеңнен өтті. 10 мыңнан астам адамдар бірдей декларацияға қатысу қажет болды. Қазіргі кезеңде сол 80мың адамдардын 8 мыңдай әлі тапсырған жоқ. Соған жұмыс істеп жатырмыз.

Декларациялау міндеті шетелде мүлігі бар азаматтар да қатысты. Олар активтері мен міндеттемелері туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Қаржы министрлігі шетелде мүліктері жоқ, тек ішкі активтері бар азаматтар үшін декларация тапсырудан босату мәселесін қарастырып отыр.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2025 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеті келесі санаттағы азаматтар үшін сақталады. Бұл – шетелде тіркелген мүлкі бар Қазақстан азаматтары мен резиденттері. Оған, мысалы, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және банктік шоттардағы қаражат жатады. Бұдан бөлек, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, яғни адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және медиаторлар да декларация тапсыруға міндетті.

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті», «е-Salyq Azamat» және «eGov» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Қағаз түрінде де ұсыну мүмкіндігі бар. Тапсыру мерзімі 2025 жылдың -15 қыркүйегіне дейін.

Айта кетейік, декларация тапсырмаған тұлғаларға айыппұл қарастырылған.

Сабина Жолдаспаева