Шаһарымызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Шараға 100ден астам балдырған мен ата-аналар қатысты.
Шырша айналасында Аяз Ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты қойылымдар көрсетілді. Кішкентай қатысушылар ән айтып, өлеңдер оқып, түрлі ойындарға белсенді түрде қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік шарада балалардың шынайы эмоциялары, қуаныш пен шаттыққа толы сәттері есте қалды.
Шара соңында қатысушылар әкімдік атынан құнды сыйлықтарға, отбасыларына арналған сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар балалар үшін арнайы ұйымдастырылған фотосессия мен мерекелік дастарқан шараның жарқын сәттерін толықтырды.
САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА