Ақтауда құлАған ұшақтың «қара жәшігі» табылды. Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары, Апат бойынша мемлекеттік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қара жәшік қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Төтенше оқиға Қазақстан аумағында болғандықтан тергеу жұмыстарын қазақстандық мамандар жүргізіп жатыр. Бірақ қара жәшікті зерттеуге шетелдік мамандар да қатысады.